Кибраева Кульсара Аймухамбетовна » «Eділ» бөбекжай-балабақшасы»
«Eділ» бөбекжай-балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200240017365
Қабылдау бөлімі:
+7(707) 273-12-67
"Әдіскер:
+7(707) 273-12-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кибраева Кульсара Аймухамбетовна
29
шілде
2026

Кибраева Кульсара Аймухамбетовна

Кибраева Кульсара Аймухамбетовна -  «М.Еділ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің құрылтайшысы.
Кибраева Кульсара Аймухамбетовна 1969 жылғы 16 маусым дүниеге келген.
1986 жылы Панфилов ауданы Панфилов қаласы педагогикалық колледжіне түсіп «Мектепалды даярлық тәрбиешісі» мамандығын сәтті аяқтаған.
2002 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне түсіп, 2025 жылы педагогика және психология мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2017 жылы Шымкент қаласының  Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығына түсіп, 2019 жылы оқу орнын  аяқтаған.
Еңбек өтілі –25  жыл. Еңбек жолын  балабақшадан бастап, мектепте  педагог-психолог қызметімен атқарған. 
2021 жылдан бастап  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жауапкершілікпен қызмет атқарып, кәсіби тәжірибе жинақтауда.
2021 мамыр айы мен 2026жылдың шілде айы аралығында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы «М.Еділ» ЖШС бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарды. Құрылтайшы ретінде  ұжымның бірлігін нығайтып, тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, педагогтердің кәсіби дамуына және балабақшаның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп келеді.
Өзінің ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлігі және жаңашыл көзқарасының арқасында білім беру ұйымының жұмысы жүйелі дамып, тәрбие мен оқыту сапасының артуына елеулі үлес қосып келеді. Әріптестері мен ата-аналар арасында сыйлы, кәсіби біліктілігі жоғары басшы ретінде танылған.
Жетістіктері:
Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін бірнеше Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Балабақшада заманауи оқыту мен тәрбиелеу технологияларын енгізуге белсенді атсалысады.
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып келеді.
Балалардың жан-жақты дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға үлес қосып, ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға жетекшілік етеді.
Отбасылы, бала тәрбиелеп отырған ардақты ана. Еңбекқорлығы, жауапкершілігі және кәсібіне деген адалдығы арқылы әріптестерінің құрметіне бөленіп келеді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив